ЖАҢАЛЫҚТАР
Соңғы жаңалықтар
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: құқықтық, жауапкершілік және қорғау тетіктері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Шымкент қаласы Абай аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция бөлімінің қызметкері, полиция аға лейтенанты Р. Сматілла қатысып, білім алушыларға құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның ішінде сталкинг (күзету, қудалау), жеке шекараны бұзу, салдары және мұндай әрекеттер үшін қарастырылған құқықтық жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, өз құқықтарын қорғау жолдары, көмекке жүгіну тетіктері және дер кезінде ересектерге хабарлау маңыздылығы айтылды. Аталмыш іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Құқық және тәртіп» бағыты аясында ұйымдастырылып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды. Жас ұрпақтың өз құқықтарын білуі мен құрметтеуі – қауіпсіз орта қалыптастырудың басты кепілі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының үйлестіруімен, кәсіби операторлар, жүргізушілер мен сценарий авторларының қатысуымен түсірілген «Закладчики Мать» деректі фильмі мектебімізде оқушыларға көрсетілді. Фильм арқылы есірткі қылмысының қоғамға, отбасыға және жеке тұлғаның өміріне тигізетін ауыр зардаптары, «закладчик» әрекетінің заңдық салдары мен алдын алу бойынша жауапкершілігі нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасында нашақорлыққа жол бермеу және заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл жұмыс «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Құқық және тәртіп» бағыты аясында ұйымдастырылып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды. Жас ұрпақтың саналы таңдау жасап, өз болашағына жауапкершілікпен қарауы – қоғам қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.
